8 «А» сынып оқушыларымен “Қауіпті хобби және серуендеу орындары” тақырыбында сынып сағаты өтті!
Мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздік ережелеріне деген жауапкершілігін арттыру және саналы таңдау жасауға бағыттау.
Сабақ барысында оқушылар қауіпті хоббилер мен қауіпсіз серуендеу орындары жайлы мағлұмат алды. Әрбір қатысушы өз ойларын ортаға салып, тәуекелді әрекеттердің салдары мен олардан қалай сақтану керектігі туралы талқылады.
Өзімізді және айналамызды қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!