Желтоқсан рухы – Тәуелсіздік тірегі!

12 желтоқсан күні Қостанай облысы «Озат» IT мектеп-лицейінде 7-11 сынып оқушылары Желтоқсан көтерілісінің куәгерлері Бауыржан Өкташұлы, Бағлан Малдыбайұлымен онлайн кездесу өткізді. 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғалары, сол кездегі қиыншылықтары мен ерліктері туралы айтылды.

Бүгінгі тәуелсіз ұрпақ үшін бұл күн – азаттықтың құны мен маңызын түсіну жолындағы үлкен сабақ. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, Желтоқсан оқиғасының батырларынан терең әсер алды.

Іс-шараға сынып жетекшілері Хайдарова Д.К., Есқали А.К., Қайрғали Н.Қ., Жұмабай Г.Н., Камалова Г.М. қатысып, Желтоқсанның тарихи маңыздылығын талқылады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ әкімшілігі Бауыржан Өкташұлы мен Бағлан Малдыбайұлына уақыттарын бөліп сұхбаттасып, тарихи шындықты ұрпаққа жеткізгендері үшін зор алғысын білдіреді.

Желтоқсан қаһармандарының батылдығы мен жігері – біз үшін мәңгілік үлгі!

🇰🇿 Тәуелсіздік күні құтты болсын!
#Желтоқсан1986 #Тәуелсіздік #БатырларРухы #Озат #ҰлтМақтанышы