«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20 қарашада оқушылар облыстық М. Горький атындағы орыс драма театрына барды.. Театр қызметкері театрға шағын экскурсия өткізді, ол балаларды қатты таң қалдырды. Оқушыларға «Менің ұлым нашақор. Ананың монологы…» нақты оқиғаларға негізделген қойылым ұсынылды. Бұл қойылымда қазіргі заманның ең өткір әлеуметтік мәселелерінің бірі – нашақорлық көтеріледі. Бұл қойылым оқушыларға дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға, жауапты шешімдер қабылдауға және денсаулық пен әл-ауқаттың маңыздылығын түсінуге көмектеседі (30 адамды қамту).

#Бiртұтастәрбие