«Менің сүйікті кітабым» атты мектеп фестивалі

04 ақпан күні мектебімізде ҚГБ онкүндігінде «Менің сүйікті кітабым» атты мектеп фестивалі жоғары деңгейде өтті. Іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Фестивальдің мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және әдебиетке деген қызығушылығын ояту.

Фестивальге қатысқан сыныптар:

7-10 сынып оқушылары белсенділік танытты.

Жеңімпаз сыныптар:

  • 3 орын – 8 «В» сыныбы
  • 2 орын – 9 «А» сыныбы
  • 1 орын – 9 «С» сыныбы
  • Гран-при – 9 «В» сыныбы

Фестиваль барысында ерекше белсенділік көрсеткен оқушылар да назардан тыс қалған жоқ. Өздерінің шығармашылық қабілеттері мен актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсеткен Кошева Ангелина, Сапар Ернияс және Харченко Илья арнайы аталып өтті.

Барлық қатысушы сыныптар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, дипломдар табысталды. Іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен ықпал етті.