«Мамандықтар әлемін ашу: болашақ мамандарға арналған облыстық байқау»
2025 жылғы 25 ақпанда біздің мектептің оқушылары: Қаби Азалия, Наурзум Айя, Алқау Ляйсан, Серікбай Амира, Ядров Лев, Багытжан Санжар «Мамандықтар әлемін ашу – 2025» республикалық форумының облыстық кезеңіне қатысты. Қатысушылар IT, инженерия, медицина, педагогика және басқа да сұранысқа ие салалар бойынша өз қабілеттерін көрсетті. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары: Ядров Лев – 2-орын, «Мен драматург мамандығын таңдаймын» (ағылшын тілінде). Қаби Азалия – 3-орын, «ExpressHelp — шұғыл көмек көрсету мобильдік қосымша». Қаби Азалия өз жұмысын Республикалық форумда ұсынатын болады. Азалияға Республикалық кезеңде тек жеңіс тілейміз!