Жаңа бағыттағы – жаңашылдықтар! Мемлекет президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза өзінің кезекті жолдауында ел ішінде жүрген өзекті мәселелер бойынша сонымен қатар білім мен ғылым мәселелеріне де үлкен назар бөлінетіні туралы айтып өткен болатын. Жан-жақты мәселерді қамтыған жолдау, өз ішінде ең өзекті деген мәселелердің болашақ шешімін көрсетті. Білім мен ғылым саласына қатысты болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керектігі ерекше атап көрсетілді. Осы бағытта қазіргі кезде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізіп келе жатқаны, осы ЖОО мен байланыстың нақты қадамдары көрсетіліп кетті. Президентіміз өз сөзінде ұстаздарды да назардан тыс қалдырмай, айрықша көңіл бөлгені баршамызды қуантады. Нақты атап айтатын болсақ, елбасы өз сөзінде  – «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет» – деп ой түйіндеді.