«Кәсіптер әлемін ашу 2025» конкурсының мектеп кезеңі: әрбір оқушы үшін болашаққа қадам

         «Еңбек адал – жас өрен» жобасын іске асыру, оқушылардың еңбексүйгіштігі мен кәсібилігін тәрбиелеу аясында 2025 жылғы 6 ақпанда біздің мектепте «Кәсіптер әлемін ашамыз 2025»облыстық конкурсының мектеп кезеңі өтті. 17 оқушы автослесарь, суретші, спелеолог, пластикалық хирург мамандықтары бойынша өз жобаларын, сондай-ақ ұлттық стильдегі мектеп жиһаздарын жасау бойынша бизнес-жобаны ұсынды. 10 «А» сынып оқушысы С.Кускадамова «Жас мобилограф» бағытында өз жобасын ұсынды. Конкурстың барлық қатысушылары мектеп кезеңіне қатысқаны үшін сертификаттар алады, ал үздік жобалар «Кәсіптер әлемін ашу 2025» облыстық конкурсында ұсынылады.

#Біртұтас_тәрбие