Тәуелсіздік пен патриотизм құндылықтарын дәріптеу мақсатында 2025 жылдың 12-13 ақпан күндері 7, 10 -11 сынып оқушылары үшін ерлік сабақтары өтті.

   Елге қызмет еткен жылдарын еске ала отырып, қонақ оқушылармен әскери қызметі, жауынгерлік жолдастары және соғыс жағдайында кездескен қиындықтары туралы естеліктерімен бөлісті.
  10-11 сынып оқушылары арасында мергендік жарысы ұйымдастырылып, онда Максут Елеусизұлы болашақ Отан қорғаушыларына өз ақыл-кеңестерін беріп, олардың атудан көрсеткен шеберліктерін жоғары бағалады. 7-сынып оқушылары ардагердің әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдап, оның әскери өмірі, сарбаздардың күнделікті тұрмысы мен рухы жайлы сұрақтар қойды. Әсіресе, қиын жағдайда жауынгерлер арасындағы достық пен өзара қолдаудың маңыздылығы туралы естеліктер балаларға ерекше әсер етті. Мұндай кездесулер жас ұрпаққа ел тарихын тереңірек түсінуге, бейбітшіліктің құндылығын ұғынуға және борышын абыроймен атқарған жандардың ерлігін құрметтеуге көмектеседі. Іс-шара соңында оқушылар қонаққа алғыс айтып, көрсеткен ерлігі мен баға жетпес өмірлік сабақтары үшін ризашылықтарын білдірді.