“Алғыс айту күні: Құрметтеу және алғыс айту уақыты”

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру және оқушылардың бойында бауырмалдық пен алғыс сезімін арттыру мақсатында 2025 жылдың 1 наурызында “Озат” МАТМЛИ КММ интернат тәрбиешілері Бектасова С.Ж. және Кенжебаева – Бейсембаева Б.Б. 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Алғыс айту күні” мерекесіне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Алғыс айту күніне орай оқушылар өздерінің құрметті адамдарына хат жазып, оларға шын жүректен алғыс білдірді.