7 сынып ата-аналарына арналған «Ашық есік күні»!

2024 жылдың 29 қараша күні «Озат» МАТМЛИ-да 7 сынып ата-аналары үшін «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту, балаларды бірлесіп оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін анықтау және жүзеге асыру, ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық тәсілдер туралы ақпараттандыру болды.

Ата-аналар ашық сабақтарға қатысып, мұғалімдерден балаларының үлгерімі туралы кері байланыс алды, интернаттың тұрмыс жағдайымен танысты, мектептегі тамақтандырудың сапасына баға беріп, «Озат мектебіне қабылдау» салтанатты іс-шарасына қатысты.

Мектеп әкімшілігі іс-шараға белсенді қатысқандары үшін ата-аналарға алғысын білдіреді!